Жарияланған күні: 28.09.2016 14:58
Өзгертілген күні: 29.09.2016 08:52

 

Қаржы мониторинг субъектілерінің назарына!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторинг  комитеті (бұдан әрі-комитет) хабарлайды, Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 28 тамыздағы «Лаңкестікті қаржыландыру және қылмыс жолымен алынған, кірістерді жария етуге (жылыстату) қарсы әрекет туралы» Заңының 3 бабы 1 тармағы 13-16 тармақшаларына сәйкес қаржы мониторинг субъектісіне жатады:   

         -лицензиясыз лизинг беруші ретінде лизинг әрекетін іске асыратын, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;  

         - ломбардтар;

         - құнды металдар және тастармен, оның ішінде зергерлік   бұйымдармен операцияларды  жүзеге асыратын, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;    

         -жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісімдерін жүзеге  асырғанда делдалдық қызметтер көрсететін, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;   

         ЛҚ/ҚЖҚӘ туралы Заңының 3 бабы 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторинг субъектілері Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы»  Заңымен белгіленген, тәртіпте әрекеттің басталғаны немесе тоқталғаны туралы   хабарламаны   комитетке жолдауға міндетті.  

         Осыған байланысты, комитет Лаңкестікті қаржыландыру және қылмыс жолымен алынған, кірістерді жария етуге (жылыстату) қарсы әрекет туралы  заңнаманы  түсіндіру, сондай-ақ хабарламаларды қабылдау бойынша  жұмыс кездесуін өткізеді.    

         Хабарламаны ұсыну үшін жеке куәліктің түпнұсқасы мен  мөрі қажет. 

         Мына мекен-жай бойынша кездесу өтеді:    

- Петропавл қ.  Казақстан Конституциясы к. 38 үй, Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының  ғимаратында 2016 жылғы 29 қыркүйекте  10-00 сағатта.    

 

         -  Әуезов к. 141 үй, Көкшетау қ. әкімдігінің ғимаратында 2016 жылғы   30  қыркүйекте  10-00 сағатта.    

 

Анықтама үшін телефон: 8 7172 749739; 749749; 749752; 749226.