
Салық төлеушілерге Салық кодексінің 574-бабына сәйкес ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер болып табылатынын еске саламыз.
Бұған дейін I, II, III және IV санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер болған.
ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы №402-VI ҚРЗ Заңымен Салық кодексінің 574-бабына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның нәтижесінде IV санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер қатарынан алып тасталды.
Аталған өзгерістер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
СҚО бойынша МКД