Есепке алу-бақылау таңбаларының қорғау элементтерін айқындайтын аспаптары туралы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, есепке алу-бақылау таңбаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқитын аспаптары туралы сұрақтарға келесіні хабарлайды.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі- Заң) 1-бабының 7- тармақшасына сәйкес, есепке алатын бақылау аспаптары - электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар.
Сонымен бірге, Заңның 25-тармақшасына сәйкес, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға.
2015 жылдың 31 желтоқсандағы № 1177 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналысмы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторы болып «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы болып белгіленді.
Мағлұмат үшін, ҚР мемлекеттік өлшем бірліктерін бірыңғай тізілімінің бөлігі енгізілген құралдар ақпараты, тексеру әдістемесі және тексеруаралық өту интервалында еркін кіруге болатын www.kazinmetr.org сайтында орналасқан.
Қосымша хабарлаймыз, 2015 жылдың 12 маусымда «Вайпоинг» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
«Вайпоинг» ЖШС, барлық қалаушыларға есепке алу-бақылау таңбасының түпнұсқасын тексеру мүмкіндігін есепке алу-бақылау таңбасындағы штрих-кодты сканирлеуге және есепке алу-бақылау таңбасын серия, таңбаның нөмірі және есепке алу-бақылау таңбаларына штрих код жапсыру үшін өтініштің идентификаторы арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорында бар немесе жоқ болуы туралы ақпаратты алу, смартфонға арналған қосымшаны дайындады. Қосымшаны мына сайттан жүктеуге болады: http://wiponapp.com/ru
Сонымен қатар, 2015 жылдың 30 сәуірінде «Алкоголь өніміне есепке алу-бақылау таңбасының анықтылығын тексеретін сервис» www.kgd.gov.kz web-сайты дайындалды.
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің жаңа есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқитын аспаптарды жеткізу мәселесі қаралуда.