Жарияланған күні: 18.11.2016 10:14
Өзгертілген күні: 18.11.2016 10:16

Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілерді есептілікті ұсынуда электрондық әдісіне өтуге үндейді.

Бұл ретте декларацияны электрондық тасымалдағышта беруде декларацияны қағаз тасымалдауышпен берген кезімен салыстыру кезінде бірнеше артықшылықтары бар:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық жүйесіне есептілікті жөнелтуге дейін қателерді түзетуге мүмкіндік;

- интернеттың бары кезінде әрбір жайлы орында декларацияны тапсыру жөнінде анықтаманы алу және салық есептілігін көру, тапсыру мүмкіндігі;

- салық есептілігінің өзінің өткенде жаратылған формаларымен білісу мүмкіндігі;

- тұратын жері бойынша салық органына келуге жұмыс уақытын шығындаудан құтқарады;

- уақытты үнемдеу, кезектің болмауы;

-салық есептілігіне бланк формасын алуға шығындардың жоқтығы.

Сондай-ақ электрондық салық төлеуші өзінің дербес тіркеу деректерін, ағымдағы жеке шотының қалыпын және жеке шотының көшірмесін қарауға, хабарландыруды алуға, салық бойынша берешегінің бары/жоғы жөнінде анықтаманы салық өтініші мен басқа да бюджетке міндетті төлемдерді ұсынуға, салық өтінішін тоқтату туралы (ұзарту, жаңғырту), салық есептілігін ұсынуға мүмкіндік бар.

Сонымен бірге патент электрондық түрде қалыптасады. Дара кәсіпкер есеп-қисапты электрондық түрде ұсынған жағдайда патентті өздігінен шығара алады.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу үшін, салық төлеушінің тұрақтайтын немесе тұратын жері бойынша салық органына (№ 12 қосымша) электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салық өтінішін ұсыну келу тәртібінде қажет және салық төлеушіге салық органы аталған өтінішті қабылдау күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде  береді:

- электронды сандық қолы бар негізгі контейнермен ақпаратты электрондық тасымалдағыштан магниттік тасымалдағышқа өткізілетін болады (флэшка және т.б.);

- электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлы қолды  мойындау және қолдану жөнінде шарт.

Сонымен қатар «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік Корпорация арқылы аталған қызмет түрлерін алуға мүмүкіндік бар.