Жарияланған күні: 22.02.2016 09:36
Өзгертілген күні: 22.02.2016 09:38

Электронды шот-фактуралар   

 

«Салық салу және кедендік әкімшілендіру  мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы  № 432-V Заңына сәйкес  электронды үлгіде шот-фактруларды міндетті шығару бойынша талап белгіленді: 

1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап- кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор болып танылатын, салық төлеушілер үшін; 

2) 2016 жылғы 1  шілдеден бастап - кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден қоймаларының иелеріне, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне, кеден өкілдеріне,уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын, салық төлеушілер үшін;    

3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап   - Салық кодексінің 263 бабы 2 тармағына сәйкес қосылған құн салығының барлық төлеушілері үшін; 

Сондықтан 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының барлық төлеушілері электронды түрде шот-фактураны шығаруға міндетті.   

Салық кодексінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерден басқа, «Электронды түрде шығарылатын, шот-фактуралардың құжат айналымының ережесін бекіту туралы»  2015 жылғы 9 ақпандағы №77 Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің бұйрығында өзгерістер бар.   

Қазіргі таңда  электронды-шот фактураларды облыстың 1500 салық төлеушісі шығарады.төмендетілген  әкелінетін кедендік баж қолданылатын, алу тізімдемесіне кіретін тауарлар саудасын іске асыратын,  салық төлеушілер негізгі массаны құрайды.     Осындай тауарлар бойынша нормативті құқықтық актілермен реттелетін, айналымның ерекше тәртібі беліленді.Осындай тізімдеме     kgd.gov.kz сайтында орналастырылды.

 Электронды шот- фактура (бұдан әрі- ЭШФ) қағаз тасығышта шығарылған шот-фактурамен салыстыру бойынша басымырақ бар:  

Шот-фактураларды тез жеткізу кепілдігі ЭШФ жүйесінің серверін тастамай-ақ, адресатқа тез тапсырылады.   

- Заңдық ерекшелік.  Әр шотқа электронды сандық қол қойылады.  

- Ақпаратты қорғау. Жүйедегі жұмыс криптографиялық қорғау құралын қолданумен, қорғалған арналар бойынша іске асырылады.

- ЭШФ жүйесіне қолжетімділік esf.gov.kz  мекенжайы бойынша тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді. 

-  Қолдануы жеңіл.   Хаттарды электронды почта бойынша жолдағандай-ақ, ЭШФ арқылы шоттарды жолдау оңай: жүйеде оңай және түйсікті түсінікті интрефейс іске асырылды.   

- Интеграция. ЭШФ жүйесі ылғи жетіледі, сондай-ақ, басқа есеп- бухгалтерлік жүйелермен интеграциялайды.    

Барлық қажетті ақпарат, сонымен қатар нормативті-құжатты актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz, сайтында, ДСҰ бөлімінде  мекенжайы бойынша  орналасқан. Техникалық және әдістемелік сипаттағы мәселелер туындаған жағдайда, ЭШФ АЖ қолдау қызметіне жүгінуге болады.

 

   

                                                           СҚО бойынша МКД  ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы
Д.А.Ковальд