Жарияланған күні: 26.05.2016 17:24
Өзгертілген күні: 26.05.2016 17:27

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IVЗРК «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес (бұдан – әрі Заң 2016.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді мұнай өнімдерін өндiрушiлер 2017 жылғы 1 қантарынан бастап, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер 2018 жылғы  1 қантарынан бастап  резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан – әрі ЕАБА) арқылы міндетті түрде өткізуілері қажет.

Сонымен қатар Заңның 8 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы жобасы бекітілген.

Жоғарыда айтылғанға байланысты мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай берушілерге, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге, импорттаушыларға, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге Заңда көрсетілген уақытында ЕАБА орнатуын қажет екендігін туралы хабарлайды.