Жарияланған күні: 28.06.2017 18:12
Өзгертілген күні: 29.06.2017 08:54

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмені ашуға және мемлекеттік қызметші күніне арналған, мемлекеттік қызметшілер арасында  өткен облыстық спартакиадаға қатысты.

  Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру   және спортпен  белсенді айналысу үшін жағдайлар жасау  және де денсаулықты нығайту  мақсатында, облыстық спартакиада өткізілді.

      Департаменттің қызметкерлері спорттың 7 түріне қатысып, жүлделі орындарды иеленді: гір спорты, волейбол, тоғыз-құмалақ бойынша 1 орын, жеңіл атлетика, шағын- футбол, дойбы бойынша 2 орын, үстел теннисі -3 орын.  

 Облыстың аумақтық ұйымдарының арасында өткен спартакиада қорытындысы бойынша департаменттің құрама командасы, командалық есепте 1 орын алғаны үшін  кубоктар  және дипломдармен  марапатталды.