
Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы салық төлеушілерге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға мемлекеттік сатып алу қызметін көрсету кезінде, қылмыстық істерді тергеу кезінде қылмыстық процеске қатысушылармен мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының ұдайы тікелей байланысқа түсуіне байланысты, арамойлы лауазымды тұлғалар жағынан сыбайлас жемқорлық көріністері орын алу мүмкіндігінің жоғары қаупі барын азаматтардың назарына салады.
Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының маңызды міндеттерінің бірі-біздің қызметкерлердің құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін анықтау және жолын кесу.
Мәселен, 2017 жылы біз өткізген тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде бұзушылық жіберген Департаменттің 27 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Соның ішінде, 1 лауазымды тұлға қызметінен жұмыстан босатылды, 1 лауазымды тұлға мемлекеттік лауазымынан төмендетілді, 5 лауазымды тұлға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 20 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл шаралар бірінші кезекте лауазымды тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарды болдырмауға және кәсіпкерлер мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің тарапынан қорқытып алу, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзу, сондай-ақ басқа да заң бұзушылықтар фактілері болған жағдайда, Сіз бізге хабарлауға немесе Ішкі қауіпсіздік басқармасының «Сенім телефонына» «WhatsApp» мобильдік қосымшасы арқылы материал жіберуге болады.
8 – (715 – 2) – 46 – 02 – 31
8 – 707 – 7 – 46 – 02 – 31 ( «WhatsApp» мобильді қосымша)
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті