Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті назарға келесіні жеткізеді.
«Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VI ҚР Заңына 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі бойынша өзгерістер енгізілген.
Жоғарыда баяндалған өзгерістерге сәйкес «салық төлеушінің жауапты тұлғасы»-салық төлеушілермен еңбек қатынастарында тұратын салық төлеушінің жауапты тұлғасы немесе бақылау-касса машинасын қолданатын және оның жұмысына жауап беретін, сатып алушымен (клиентпен) ақшадай есеп-айырысуларды іске асыратын, сенімхат негізінде немесе өзге заңды негізде әрекет ететін салық төлеуші» мәнді толықтыратын өзгерістер Заңмен енгізілді.
Салық кодексінің 645 бабына келісілген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. .
Сонымен қатар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгеріс енгізілді- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет тізімдемесі, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін тоқсан күнтізбелік күн өткен соң енгізіледі.
2015 жылғы 1 шілдеден бастап бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті екендігін еске саламыз.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі кәсіпкерлік әрекеттіерді іске асыратын, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті:
- ағаш, құрылыс материалдары,сатехникалық жабдықтардың көтерме саудасы;
-метал бұйымдарының, су жүйесінің және жылыту жабдықтарының және құралдардың көтерме саудасы;
- компьютерлердің,шет жабдықтардың және бағдарламалақ қамтамамсыз етудің бөлшек саудасы;
- аудио және бейнетехниканың бөлшек саудасы;
- электр тұрмыс құралдарының бөлшек саудасы;
- жиһаз, жарықтандырғыш құралдарының және өзге тұрмыстық керек- жарақтардың бөлшек саудасы;
-қонақүйлрдің қызмет ұсынуы;
-мейрамханалар мен азық- түліктерді жеткізу бойынша қызметтер;
- конофильмдерді көрсету бойынша қызмет;
- шаштараздар мен әсемдік салондарының қызмет ұсынуы.