Жарияланған күні: 07.12.2021 23:46
Өзгертілген күні: 08.12.2021 00:09

1) салық төлеушінің атауы;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

4) салық органындағы БКМ тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

8) фискалдық белгі;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

13) егер салық төлеуші ҚҚС төлеуші болып табылған жағдайда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың қосылған құн салығы салынатын айналымдары бойынша ставканы көрсете отырып, ҚҚС сомасын;

14) БКМ пайдалану орнының мекенжайы;

15) БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ машиналардың БКМ чектеріне қолданылмайды.