Жарияланған күні: 10.05.2023 22:19
Өзгертілген күні: 10.05.2023 22:19

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 09.05.2023 жылы  «Бидайык» автомобиль өткізу пунктінде 200 кг қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын Ресей Федерациясына әкету әрекетін тоқтатты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға шақырады.

"Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 265 Бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салу ұзартылды (https://online.zakon.kz/m/amp/document/36877232)