Жарияланған күні: 20.09.2016 11:10
Өзгертілген күні: 20.09.2016 11:10

 

Банкроттық тәртіптегі субсидиарлық жауапкершілік туралы 

 

Борышкерлер мен кредиторлардың  мүддесі балансының негізінде банкроттық жүйенің  ашықтығы мен болжамы, тиімділігін құруға бағытталған, «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 07 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңы 2014 жылғы 26 наурызда қолдансықа енді.    

«Оңалту және банкроттық туралы»   Заң қабылданғанда   тиімсіз менеджменттің күшінде банкротты рәсімді нарықтың немесе өзге объективті факторлардың өзгерісіне, қолданған  шараға қарамастан, бизнесті сақтай алмаған, борышкерлерді тарату үшін соңғы шараны пайдалану қажет.   

Осы үшін «Оңалту және банкроттық туралы»  Заңда белгіленген, төлем қабілеті жоқ сипаттары анықталғанда, Заң кәсіпорын басшысының және өзге тұлғаларды кәсіпорынды банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа 6 ай ішінде жүгінуді міндеттеді.  

Заңның талабы ескерусіз қалса, онда банкроттықққа кредиторлардың бірі өтініш береді, осы міндетті   елемеген, басшы кәсіпорынның мүлкі жетпеген, кәсіпорынның қарыздарын өтеуге өзінің барлық жеке мүлкі кетеді.  

Осыменен, «Оңалту және банкроттық туралы»   Заңның 11 б. 5т. сәйкес осы баптың 2 тармағы 6)-1) тармақашалары шартын бұзғаны үшін барлық кредиторлардың  талаптарын қанағттандыру үшін борышкердің мүлкі жетпеген жағдайда  осы баптың 2 тармағы 1)-6) тармақшаларымен көзделген, талаптарды орындау міндетіне  енетін  борышкердің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес субсидиарлық жауаптылықты  бірыңғай арқалайды.  

Сонымен қатар айлакерлік мақсатта банкроттық жүйені пайдаланғаны келетін,тұлғалар үшін жауаптылық  қатаң қолданылады.

Мысалға, меншік иесі  кәсіпорынның төлеу қабілетсіздігін  әдейі құру және арттыру, меншік иесі бизнесті құтқара алмайтынын түсінгенде, мүлікті тез арада арзан бағамен сатып немесе сыйлай бастайды, бұл Қазақстан Республикасының Қылмыс кодексімен қасақана банкрот деп саралады. Сот кінәсін дәлелдегенде 3000 АЕК  (ал бұл 6 миллион теңге шамасында) мөлшерінде айыппұл салуы және де 3 жылға бас бостандығынан айыруы  мүмікн. Бұдан басқа осы үшін басқа кәсіпорындарда басшы лауазымын ұстану   және үш жылға дейін мерзімге кәсіпкерлік әрекетпен айналысу  құқығынан айырылуы  мүмкін.   

Жалған банкроттық үшін  осыған ұқсас  әдейі  банкроттық бойынша жаза көзделген.  Басқа кәсіпорындарда басшы лауазымын ұстану   және   кәсіпкерлік әрекетпен айналысу құқығынан  3 жылға емес, 5 жылға айырылуы мүмкін.   

Сотталғаны өтелді деп танылмайынша, ол бірде бір кәсіпорын ашалмайды.  

Сонымен қатар Оңалту және банкроттық туралы»   Заңның 6 б. келісілген боыршкердің құырлтайшысы (қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары әдейі банкроттық үшін дәрменсіз борышкердің алдында өзіне тиесілі мүлікпен субсидиарлық жауаптылықта болады.   Банкроттың лауазымды адамы борышкерді төлем қабілетсіздігіне әкеп соқтырғаны үшін оның мүлкінің меншік иесіне залалды өтейді.Көрсетілген негіздер бар болғанда, банкроттық басқарушылар борышкердің кредиторлар талаптары тізімдемесінде белгіленген, жалпы кредиторлық борыштың сомасын өндіріп алу және субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы борышкер-кәсіпорындардың лауазымды тұлғалары мен құрылтайшыларына талап- өтініш сотқа беріледі.       

Бұдан басқа, Заңның 96 б. 3т. келісілген Қазақстан Республикасының Заңында борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін өзге тұлғалардың субсидиарлық жауаптылығы көзделген жағдайларда бұл жауаптылық мөлшері кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.  

Заңның осы нормасына сүйене, банкротты  басқарушы  уәкілетті ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасымен көзделген, негіздер бойынша борышкердің кредиторлар мүддесінде кінәлі тұлғаларды (құрылтайшыларды, қатысушыларды, лауазымды тұлғаларды) субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы  талап- өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.  

 

СҚО МКД Борыштармен жұмыс басқармасы