
2016 жылғы 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы Петропавл қ. Балалар үйіне барып, ондағы тәрбиеленушілерді Балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады, сыйлықтар, тәттілер апарды.
Балалар педагогтардың басшылығымен концерт пен «Колобок» театрланған қойылым дайындады.
Балалар үйінің бас дәрігері М.Т.Капенова балаларды құттықтағаны үшін департамент басшылығына ризашылығын білдіріп, табысты жұмыс тіледі.