Мемлекеттік кірістер департаменті мүлікті және ақшаны заңдастыруды қалайтындарға, барлық мүдделі тұлғалардың назарына келесіні жеткізеді.
Мүлікті заңдастыру мерзімі 2014 ж. 1 қыркүйекте басталды және 2016 ж. 31 желтоқсанда аяқталады.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құқығы рәсімделмеген, Қазақстан Республикасы аумағында тұрған жылжымайтын мүлікті ұсыну үшін құжаттарды беру мерзімі, 2016 ж. 30 қараша заңдастыру аяқталды.
2016 ж. 23 желтоқсан – мемлекеттік кірістер органына өзге мүлікті заңдастыру (соның ішінде ақша) үшін құжаттарды берудің соңғы күні. 23 желтоқсан өткен соң мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері сәйкес декларацияларды қабылдауға құқылы емес.