Жарияланған күні: 19.04.2023 17:36
Өзгертілген күні: 19.04.2023 17:37

Салық кодексінде аванстық төлемдерді есептеу тәртібі 305-баппен реттеледі.

Осы баптың 5-тармағына сәйкес аванстық төлемдер сомасы:

     3) декларациядан кейін осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі. Аванстық төлемдерді есептеу мақсатында алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасына осы Кодекстің 297-бабына  (3-т.) сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы енгізілмейді;

4)декларациядан кейін мынадай жағдайларда ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі:

егер Салық кодексінің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болса;

осы баптың 4-тармағында көрсетілген-бөлу немесе бөлу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ одан кейінгі екі салық кезеңі ішінде;

алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімін ұзарту.

 Салық кодексінің 305-бабының 6-тармағына сәйкес декларациядан кейінгі аванстық төлемдерді есептеу есепті салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірілмей табыс етіледі.