
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті есепті жылдың 21 қаңтарынан кешіктірмей 2018 жылға КТС бойынша декларацияны тапсыруға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс аванстық төлемдер сомасының есебін ұсыну туралы еске салады.
Аванстық төлемде, салық кодексінің 305-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес 2018 жылға аванстық төлемдер сомаларының есептерінде есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының ¼ мөлшерінде есептеледі. Бұл ретте, егер салық төлеуші декларацияға дейін аванстық төлемдер есебінде аванстық төлемдер сомасын кемітіп көрсеткен жағдайда, салық органы осы тармақшаға сәйкес айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осындай есепте көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есептеуді жүргізуге құқылы.
Аванстық төлемдерді төлеу 1 тоқсанның әрбір айының 25-не дейін тең үлестермен жүргізіледі. КТС бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі аванстық төлемдер есебі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген 101.01 нысанында көрсетіледі.
СҚО бойынша МКД-ің Түсіндіру жұмыс басқармасы