
2017 жылғы 19 қазанда «Казахстан-Петропавл» телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасына кеден блогы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Руслан Қайыркелдіұлы Рақымберді қатысты.
Қазіргі таңда қандай міндеттер іске асырылғандығы және департаменттің кеден блогымен жұмыста қандай жетістіктерге қол жеткізгендігі туралы Руслан Қайыркелдіұлы айтып берді.
Облыстың кеден қызметінің іс-қимылы, кеден ісі саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға және бақылауға, кеден төлемдері мен салық түсімдерін толық және уақытылы қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке кеден төлемдерін қамтамасыз ету және кедендік әкімшілендіру шараларын жақсарту жолымен кәсіпкерлік әрекетті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
2017 жылдың 9 айына облыстың сыртқы сауда айналымы 280 млн. АҚШ долл., сонымен бірге экспорт- 220 млн. АҚШ долл., импорт- 60 млн. АҚШ долл. құрды.
79 % облыстың сыртқы сауда айналымы экспортқа келеді, импорт үлесі - 21%.
95% немесе 209,5 млн. АҚШ долл. экспорттың жалпы көлемінде майлы дақылдар ауыл шараушылық өнімі орын алады: (көкөністер, дәнді дақылдар- бидай, сұлы, арыс; ұн үктіру өндірісінің өнімі; кебек, зығыр, рапс және күнбағыс тұқымдары).
Кеден қызметінің приоритетті міндеттерінің бірі кеден төлемдері мен салық түсімдерін толық және уақытылы қамтамасыз ету болып табылады.
Яғни 2017 жылдың 9 айына 103,4%-ға кеден төлемдері мен салық түсімдері қамтамасыз етілді, бюджетке 1,7 млрд. теңге түсті. Түсімдердің өсімқарқыны 113,1% құрды, 193,4 млн.теңге сомасына өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдердің артуы белгіленді.
Кедендік әкімшілендіру бойынша жұмыс, бюджетке түсетін кеден төлемдері мен салықтың болжам көрсетікштерін орындауды қамтамасыз етті.
Индустриализацияны және экономикалық өсімді жеделдетуге бағытталған, реформа аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қаралатын кедендік әкімшілендіру мәселелері туралы баяндады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4 қадамы ( 37 қадамнан бастап 40 қадам бойынша) кедендік әкімшілендіруге жетілдіруге бағытталған.
Кедендік рәсімдерді оңтайландыру мақсатында, құжаттар санын және кедендік тазалауды жүргізу уақытын қысқартуға бағытталған, шаралар қолданылады. СЭҚ ТН 6белгісінде біртекті тауар топтар шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша бірыңғай кедендік тарифтің кеден ставкалары санының қысқаруы. Қазақстан аумағына тауарды әкелген сәттен бастап оны сатқанға дейін толассыз бақылау механизмі бойынша жұмыс жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап тәжірибелі пайдалануға «АСТАНА-1» жаңа ақпараттық платформаның «Транзит» кіші жүйесі іске қосылды. Жүйе, электронды түрде кеден декларацияларын табыс етуге, сонымен қатар тиімді кедендік бақылауды іске асыруға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, тәуекелдерді басқарудың автоматты жүйесі кедендік және әкімшілік елең ету шаралары бойынша шешімдер қабылдаған кезде адам факторын қоспайды және сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады.
Руслан Рақымберді департаменттің кеден блогымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтып өтті.
2017 жылдың 9 айына - 4839 кеден қызметі; оның ішінде тауарларды кедендік тазалау -4141 қызмет немесе 85,5 %. Осы мемлекеттік қызмет ең талап етілген, қағаз тасығышта ұсынылады. Департаментте кедендік рәсімдеу уақытының ұзақтық ең жақсы көрсеткіштерінің бірі бар.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін, жаңа Кеден кодексінің жобасына жүргізілген жұмыс барысы туралы түсіндірді. Кеден кодексінің жобасына бизнестен кодекс жобасына 500 түзету ұсынылды, сонымен бірге барлық түзетулерден 60% қолданды және енгізілді. ҚР Кеден кодексінің жобасына ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларын енгізеді. Қолданыстағы заңнамадан бас айырмашылығы, кедендік реттеуге қолданылатын принципті жаңа әдіс болып табылады.
Соңында Руслан Қайыркелдіұлы сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесуге мүмкіндік берген «Из первых уст» бағдарламасына алғысын білдірді. Аман-саулық және біздің мемлекетіміздің өркендеуі үшін белгіленген жоспарларды жүзеге асыру үшін табыс тіледі.