
Мемлекеттік кірістер департаменті, 2017 жылдан бастап салық органына
салық төлеушілердің өз телефон нөмірлері мен электрондық поштаның мекен-жайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсыну құқығы пайда болғанын туралы ақпаратты жеткізеді.
Бұл не үшін керек ?– жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша міндеттемелері бар-жоғы туралы хабарлауды мемлекеттік кірістер органдарымен кері байланысты жүзеге асыру үшін.
Осы жаңалық салық төлеушілермен әкімшілік жауапкершілікті болдырмау мақсатында, салық берешегі туралы, салық бойынша сол немесе өзге өзгерістер туралы қажетті ақпаратты уақытылы жеткізуге салық органына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бұл ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді өзектендіреді, бұл екі тарапқа қолайлы қарым-қатынас.
Бұл қалай жүзеге асырылады? Бұл тіркеу есебіне (№8 қосымша) қою туралы салықтық өтінішті толтырып, тіркеу деректерін өзгерту белгісін қоюға және "Жеке тұлға туралы ақпарат" бөлімінде телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы көрсетілсін. Содан кейін, объектілерінің (яғни көлік, жер, мүлік) орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына Өтінішті жіберу.
СҚО бойынша МКД ТСБ
бас маманы
Ж. Қабдөшева