Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылғы 15 ақпанда салық есептілігінің ұсыну мерзімі өтетінін, назарға салады:
- 200.00. нысан - 2016 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларациясы;
- 210.00. нысан - 2016 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларациясы;
- 300.00. нысан - 2016 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша қосылған құн салық декларациясы;
- 400.00.нысан - 2016 жылғы желтоқсан айы қорытындысы бойынша акциз декларациясы ;
- 421.00. нысан- 2016 жылғы желтоқсан айы қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі;
- 570.00. нысан - 2016 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша экспортқа ренттік салық декларациясы ;
- 710.00. нысан - 2016 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша тіркелген салық және ойын бизнесіне салық декларациясы;
- 860.00. нысан - 2016 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем декларациясы;
- 870.00. нысан - 2016 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем декларациясы;
- 701.01 нысан- 2017 жылғы жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есебі.
Соңдай-ақ, 2017 жылғы 851.00 нысаны бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есебiң ұсыну мерзімі 20 ақпанда аяқталады.
Атап өту керек, Қазақстан Республикасының салық кодексінің 71-б. сәйкес салық есептілігі электрондық түрде тапсырылған жағдайда, салық органы салық төлеушінің өтініші арқылы салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарта алады.
Қосымша ретіңде хабарлаймыз, 2016 – 2017 жылдардың салық есептілігің толтыру ережелері ҚР ҚМ МКК www.kgd.gov.kz сайтында заңнама- салық есеп нысаны бөлігіңде орналастырылған.