Date of publication: 31.08.2016 18:34
Date of changing: 31.08.2016 18:34

     Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – СҚО бойынша МКД) 2016 ж. 29 тамызында Қазақстанның Конституциясы күнін атап өтуге арналған, салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранынан басталды.

  «Мой край родной, Республика свободных

Великих наций, разных языков,

И ценят здесь обычаи народов,

Советы мудрых стариков.

 

Ты  выстрадал, мой Казахстан, немало,

Но стал свободным, и сейчас

Здесь равноправны все народы.

Народ единственная власть!»-, осы поэтикалық сөздерден кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы қалыптаса бастаған жолы бойынша бейнетаспа көрсетілді.  

      Мерекелік баяндамамен СҚО бойынша МКД басшысы Д.Е.Жанәлінов сөз сөйледі, «Бірінші Президент – ұлт басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты арқасында, біз мықты мемлекеттілік орнаттық және өзіміздің тәуелсіздігімізді нығайттық» Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алды, Орталық Азия аймағында ең бір мықты озат және сенімді серіктес болғанын атап өтті.

        Біздің жерімізде саммиттер және жоғарғы деңгейдегі дүниежүзілік кездесулер жүргізіледі. Міне бүгін біз, негізгі заңның арқасында, қазіргі заманға сай мемлекет құру қолымыздан келді, біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық үміттерін, олардың тәуелсіздікке және бостандыққа деген ұмтылыстарын іске асырғанымызды мақтанышпен айта аламыз».

         Мерекелік іс-шара барысында, қайта қабылданған қызметкер Ж.М.Ұмітбаева мемлекеттік қызметкер антын қабылдады.

        Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов барлық қатысқандарды осы айтулы күнмен құттықтады, сондай-ақ СҚО бойынша МКД ерекше көзге түскен қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хат берді.          

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 05.08.2016 ж.  №19655 хатына сәйкес «қызметінде жоғары нәтижеге жеткені үшін және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін» Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтуге орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының алғыс хатымен келесі қызметкерлердің ата-аналары марапатталды.

-          Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының жетекші маман-офицері – Жанат Амангелдіұлы Жүсіпов, Амангелді Мәлікұлы және Мәнсия Исламқызы;

-          Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы аса маңызды істер бойынша бас маман-аға тергеушісі – Самат Мұратұлы Шаришев, Мұрат Рамазанұлы және Бағира Халелқызы.