Date of publication: 21.06.2021 17:48
Date of changing: 21.06.2021 17:49

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу (ТІЖ) түпкілікті тұтынуды немесе экспортты қоса алғанда, импорттан/өндірістен бастап барлық өткізу тізбегі бойынша тауар айналымын автоматты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған қадағалап отыру жүйесінің соңғы элементі болып табылады.

ТІЖ ресімдеу «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде жүзеге асырылады.

Модульдің функционалы кедендік ресімдеуден кейін импортталған тауар автоматты режимде сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Виртуалды қоймасына кіріске алынатындай етіп құрылған.

Одан әрі сату үшін ТІЖ ресімдеу Виртуалды қоймадан тауарды таңдау жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Виртуалды қоймадағы барлық ақпарат (тауардың атауы, СЭҚ ТН коды, өлшем бірліктері, тауардың шығу көздері бойынша ақпарат) құрылатын ТІЖ-де автоматты түрде толтырылады, бұл мәліметтерді енгізудің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Өткізілетін тауарлардың санын көрсеткен кезде, Жүйе Виртуалды қоймада мұндай мөлшердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді және егер тауарды өткізуде қоймадағы қалдықтардан көп мөлшерде көрсетілсе, экранда қате туралы хабарлама шығады. Осылайша, декларацияланған көлемдер шегінде тауарларды өткізуді автоматты түрде бақылау жүзеге асырылады.

ТІЖ ресімделгеннен кейін сатып алушы ТІЖ растағанға дейін Жүйе резервке қояды. Бұл ТІЖ ресімдеу үшін тауар кездейсоқ таңдалмауы үшін жасалады.

ТІЖ расталғаннан кейін, алынған тауарлар ТІЖ-де көрсетілгенге сәйкес келеді дегенді білдіреді, тауарлар автоматты түрде жеткізушінің Виртуалды қоймасынан сатып алушының Виртуалды қоймасына ауыстырылады.

Осылайша, қадағалап отыру жүйесінің маңызды элементтері тауарды тиеп жөнелту басталғанға дейін тауардың қозғалысын сүйемелдеу құжатын ресімдеу, сондай-ақ құжатты растау немесе қабылдамау мүмкіндігі болып табылады.

ТІЖ қолдануға «жеңіл» көшуді қамтамасыз ету үшін жыл басынан бастап Пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Пилоттық жобаны жүргізу, соның ішінде салық төлеушілердің ұсыныстары бойынша функционалды пысықтауға, сондай-ақ шаруашылық операциялардың барлық түрлері үшін оның қалай жұмыс істейтінін тексеруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ТІЖ және ЭШФ ресімдеуді PLAY MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.