Date of publication: 24.06.2016 16:23
Date of changing: 24.06.2016 16:39

  

     2016 ж. 18 маусым Қазақстан Ремпубликасы мемлекеттік қызмет күнін атап өтуіне орай Петропавл қ. спорт сарайында облыстық мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада жүргізілді.

Спартакиада салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты бекіту және спортпен белсенді шұғылдануға жағдай құру үшін, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, спорттық шеберлікті жоғарылату мақсатында жүргізілді. Облыстың 35 мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

     Жарыс спорт сарайының спорттық базасында  және «Қарасай» стадионында келесі спорт түрлері бойынша жүргізілді: жеңіл атлетика, гір спорты, жүзу, баскетбол, шағын-футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі.

     Спартакиадада топ қатысушылары өздерінің нағыз ерліктерін көрсетті, топ арасында ұйымшылдық рухы және жеңу құштарлықтары айқын білінді.

     Жеңімпаздарды кәсіби төрешілер анықтады.

    Спартакиаданың топ қорытынды нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бірінші орын алды.