Date of publication: 25.05.2016 18:14
Date of changing: 26.05.2016 10:19

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2016 жылғы 24 мамырдағы №КГД-07-1-29896-КГД-12718  хатына сәйкес келесіні хабарлайды.     

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Заңымен  Салық кодексіне ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін шаруа немесе фермер қожалықтарыны құқық беру бөлігінде өзгерістер енгізілуіне байланысты  Салық кодексінің 358 бабы 1- тармағына сәйкесаталған салықтөлеушілерге үшін әлеуметтік салығы 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Бұл ретте Салық кодексінің 356- бабы 1)- тармақшаға сәйкес әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – Салық кодекстің 451-бабындабелгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

Салық кодексінің 359- бабы 3- тармағымен  бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасы мен «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады екені белгіленген.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Салық кодексінің 451- бабы 1- тармағына сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.