
Сатылған автокөлік үшін салық есептелген немесе көлік құралының қате сипаттамаларына (қозғалтқыштың дұрыс емес көлемі, көлік құралының қате санаты көрсетілген) байланысты салық дұрыс есептелмеген салық төлеушілер деректерді үйден шықпай-ақ түзете алады.
Осындай мәселелерді жедел шешу және дұрыс емес ақпаратты түзету жасау үшін түзету қызметі жасалды. Ол онлайн-режимде түзетуге, оның ішінде көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, көлік құралын иеліктен шығаруға байланысты және басқа да себептер бойынша дерекқордан шығаруға өтініш беруге мүмкіндік береді. Бұл қызметті App Store және Play Market-тен жүктеуге болатын «e-Salyq» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалануға болады. Интерфейсте сату туралы тиісті құжаттарды немесе автомобильдің дұрыс деректерін қосу жеткілікті.
Бірнеше күн ішінде ақпаратты тіркеуші орган түзетеді. Сондай-ақ, e-Salyk мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін полиция органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарау, тиісінше, салықтың қандай көлік құралдары бойынша есептелгенін көру мүмкіндігі бар.
Жеке тұлғалардың салықтары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 46-60-29 және 46-60-75 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз.
Сондай-ақ біздің Колл-орталықтың мамандары Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайын: 50-00-72.




























