
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 39-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды жіктеу үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі болып табылады.
Кодекстің 40-бабына сәйкес тауарларды жіктеу деп қарастырылатын тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша нақты тауар позицияларына, субпозицияларға кезең-кезеңімен жатқызу түсініледі.
Кодекстің 8-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік рәсімдермен орналастырылады.
Тауарлардың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін растау үшін декларант сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және (немесе) сынақ зертханаларына сертификаттау жүргізуге өтінім береді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 25.12.2012 ж. № 293 шешімімен сәйкестік сертификатының және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияның бірыңғай нысандары және оларды ресімдеу Қағидалары бекітілді.
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатын ресімдеу қағидаларының 6 – тармағының И) тармақшасына сәйкес 9-жолда ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес өнімнің коды (кодтары) көрсетіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны ресімдеу Қағидаларының 5-тармағының Д) тармақшасында ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес өнімнің коды (кодтары) көрсетіледі.
ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша өнім кодтары өнімді сертификаттау және одан әрі кедендік тазарту үшін қажет.
Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын және тарифтік емес реттеуді қолдану ЕАЭО СЭҚ ТН кодына байланысты екенін атап өткен жөн.
Сәйкестікті растау құжаттары тауардың партиясына да, сериялық өндіріс өніміне де, бірлі-жарым бұйымға да ресімделуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген ЕАЭО СЭҚ ТН кодының КО ТР сәйкестік сертификаттарында және "037/2016 ЕАЭО ТР " сәйкестік декларацияларында көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН кодына сәйкес келмеуі тауардың дұрыс емес декларацияланғанын куәландырады және осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдары Кодекстің 409-бабының ережелеріне сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес жіктеу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
СҚО бойынша МКД