Date of publication: 12.05.2016 12:56
Date of changing: 12.05.2016 12:57

  Қазақстан Республикасы  Салық кодексінің 31 бабына сәйкес салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады, сонымен қатар салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына табыс етеді.

ЕАЭО елдерінен тауарларды импорттаған кезде  заңды және жеке тұлғаларда импортқа ҚҚС бойынша салық есептілігін төлеу және ұсыну бөлігіндегі салық міндеттемелері туындайды.   

Қазақстан Республикасы  Салық кодексінің 276-20  бабы 31 тармағымен   кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде   декларацияны (320.00н.) және өтінішті қағаз тасығышта және электронды түрде   салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, электрондық нысанда табыс етуге міндетті.

Импортқа ҚҚС бойынша салық есептілігін толық төлеу және ұсыну  мерзімдерінің бұзушылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің нормаларымен реттеледі және әкімшілік жауапкершілік көзделеді.   

Яғни, ӘҚБтК 272 бабына келісілген салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 Бір жыл ішінде қайталап жасалған  осы бұзушылық, он бес,   жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ӘҚБтК 287 бабына келісілген       жеке тұлғаларға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма пайыздан бастап елу пайызға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасымен ЕАЭО елдерінен тауарларды тасымалдағанда ҚР ӘҚБтК 272, 287баптары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке салық төлеушілерді тарту жөнінде бақылау бөлігінде тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.    

Яғни, 2015 жылға салық төлеушілерге  қатысты жалпы сомасы 41,1 млн. теңгеге 480 әкімшілік материал құрылды.  

Ағымдағы жылдың басынан бастап  импортқа ҚҚС бойынша салық есептілігін төлеу және ұсыну бөлігіндегі салық міндеттемелерін  орындамағаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке 3,3 млн. теңге сомасында 43 салық төлеуші тартылды. 

Осы бағыттағы  жұмыс жалғасуда.