Салықтық әкімшілендіру мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін, орындауды қамтамасыз етудің амалдарын қолдану, салықтық бақылауды салық қызметі органдарымен іске асыру болады. Салық түсімдерін арттырудың маңызды резервтерінің бірі салықтық әкімшілендіруді жетілдіру болып табылады. Экономиканы дамыту бойынша салықты төлеуден жалтарудың жаңа тәсілдері ойлар шығарылуда. Салық органдары бюджетке шығын келтірмеу үшін салық тексерістері арқылы Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Салық тексерістері Салық кодексінің шеңберінде қатаң түрде жүргізіледі және келесі тексеріс түрлеріне бөлінеді: құжатты тексеріс, хронометражды зерттеу. Қажет болған жағдайда салық қызметі органдары салықтық тексеріс барысында құрал-жабдықты, мүлікті зерттеуді жүргізе алады. Егер салық тексерісіне консултациялар алу және талап етілген арнайы білім мен машықтық мәселелерін зерделеу үшін тексерістің бітуіне мүдделі емес маман тартылуы мүмкін.
Құжатты тексерістер кешенді, тақырыптық және қарсы тексерістерге бөлінеді. Сондай-ақ салық тексерістері келесі түрлерге бөлінеді: ішін-ара және жоспардан тыс.
Яғни, 2015 жылдың нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2 431 салық тексерісі аяқталды, оның ішінде 51 кешенді, 177 тақырыптық, жеке мәселелер бойынша 433 тақырыптық, 1563 қарсы, 207 хронометражды зерттеу. 1 861,1 млн. тенңге сомасында салық және өсімпұл қоса есептелуі жүргізілді.
Салықтық әкімшілендіру тек салық тексерістері ғана емес, және де талдау, салық базасының есеп-айырысуы, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен айрықша айналымдармен және салық жүктемесінің төмен коэфиценті бар салық төлеушілердің салық есептілігі талдауына жүргізілген қорытынды бойынша 2867,1 млн. теңге сомасына шығын азайтылды және 863,3 млн. теңге сомасына қоса есептеу жүргізу бойынша 20 салық төлеуші бойынша салық тексерістері бастау алды.
Осы жұмыс тұрақты негіздіе жүргізіледі және бюджетті толықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ салықты төлеу бойынша міндеттемені орындағанда салық төлеушілердің салық тәртібін арттырады.