Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) құрған жұмыс тобы біріктірілген Салық және Кеден кодексін (бұдан әрі - Кодекс) әзірленуде.
Кодексті әзірлеудің мақсаты салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін оңайлату болып табылады.
Осы мақсатқа, Кодексті әзірлеу процесіне сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, салық төлеушілердің, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және де басқа да мүдделі тұлғалардың белсенді қатысуларының арқасында жету мүмкін.
Жоғарыда жазылғанның негізінде, Солтүстік Қазақстан Облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп апта сайын ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейін салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және жалпылау үшін мүдделі тұлғалармен кездесулер жоспарлануда.
Осыған байланысты, келесі кездесулердің талқылау тақырыптарын анықтау үшін ұсыныстарыңызды, тілектеріңіз бен ескертулеріңізді кесте бойынша тақырыптарды мына: ramazanova_s@taxsko.mgd.kz және l.yermolayeva@palata.kz электронды мекенжайларға жолдауларыңызды сұраймыз