
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2016 жылғы 14-15қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Салық және кеден заңнамаларындағы өзгерістер» тақырыбына бейнесеминар ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты.
2016ж. 1 қаңтарынан бастап тіркеу және (немесе) деректерді тапсыру функциясымен БКМ орнату туралы департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы З.Е.Әубәкірова ақпараттандырды.
Электронды шот-фактуралар бойынша ақпаратпен департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы Д.А.Ковальд сөз сөйледі.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы С.А.Қоспаев мүлікті жария ету тәртібін жеңілдету туралы айтты.
Семинар жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарының директорлары, аумақтық мемлекеттік кірстер басқармаларының, «Казахтелеком» АҚ, БКМ қызмет ету бойынша сервис орталықтарының, облыстың заңды тұлғаларының өкілдері, жеке кәсіпкерлер қатысты.
Қазақстан Республикасының Салық және «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» кодекстеріне «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген, өзгерістер туралы департаменттің Түсіндіру жұмыс басқармасының бас мамандары Ж.Д. Қабдөшева және Т.А. Шлапак айтты.
Яғни, 2016 жылғы 1 сәуірден бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруға салық өтінішін ұсыну тәрітібі туралы ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін алкоголь өнімінің көтерме және бөлшек саудасын сақтау бойынша әрекетті іске асыруға жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу мерзімін (20 қаңтарға дейін) ауыстыру туралы, декларация тапсырғанға дейін аванстық төлемдер сомаларын есептеу, Салық кодексімен реттелетін, салық қатынастарындағы өкілдік мәселелеріндегі өзгерістер, жолдама түбіртектерді қолдану мәселелері айтылды.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» кодексіне кеден ісі саласында әрекетті іске асыратын, тұлғалардың сәйкесті тізімдемесіне енгізу үшін өтініштер бергенде ұсынылатын құжаттар санын қысқарту туралы өзгерістер енгізілді. сапада тізімдемеге заңды тұлғаны қосу үшін электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйені қолдану туралы шарттардың (келісімдер) бары: кеден өкілдері, кеден тасымалдаушылары, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері.
Кеден төлемдері, салық және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаларды шағымдану тәртібінде өзгерістер енгізілді. Шағымдану мерзімі отыз жұмыс күніне дейін ұзартылды. Дәлелді себеппен шағым беру мерзімі өткен жағдайда, шағымданатын тұлғаның қолдаухаты бойынша осы мерзім қалпына келтірілуі мүмкін. Осыған, сондай-ақ шағым берген тұлғаның басшысына және (немесе ) бас есепшіге қатысты кедендік тексеріс жүргізілген, дәлелді себеп ретінде жеке тұлғаның уақытша еңбекке жарамсыздығы танылады.