Date of publication: 12.12.2018 14:47
Date of changing: 12.12.2018 14:56

       2018 жылғы 11 желтоқсан а.Бескол мекен- жайы бойынша Қызылжар ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің этика жөніндегі уәкілі Т.Ж. Ташмагамбетовпен ҚР ҚМ МКК СКО бойынша МКД Қызылжар ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы және ҚР ҚМ ҚК СҚО бойынша ҚД Қызылжар ауданы бойынша Қазынашылық басқармасы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

       Кездесу барысында Этика жөніндегі уәкілі, этика кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерді орындаудағы мінез-құлық нормаларын, ұжымда және сыртқы жұмыс уақытындағы мінез- құлығы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерін түсіндірді.

       Қызметкерлердің назарын, мемлекеттік қызметшінің беделін түсіретін, қоғам тарапынан сыңға ұшырататын  суреттерді әлеуметтік желілерде жариялауға жол бермеу туралы мәселеге назар аударды.

       Кездесудің қорытындысы бойынша, этика жөніндегі уәкілі Т.Ж. Ташмагамбетов сағат 15: 30-дан 16: 30-ға дейін Қызылжар ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы және Қызылжар ауданы бойынша Қазынашылық басқармасы қызметкерлерімен жеке қабылдау өткізді, жеке тұлғалар  мен заңды тұлғалар өкілдері үшін жеке қабылдауды  17: 00-ден 18: 30-ға дейін қабылдады.

 

                                                                         СҚО бойынша МКД Қызылжар ауданы бойынша МКБ