Date of publication: 12.11.2015 12:48
Date of changing: 12.11.2015 12:51

12015 жылдың 14 мамырында СҚО бойынша МКД ЭТК және СҚО бойынша ІІД УБОП «Арлан» арнайы тобының қатысуымен жедел-іздеу іс шараларын жүргізу кезінде Петропавл қаласы, Партизан көшесі, 12 «а», «Алтын» авто жуу мекемесінің үшінші қабатында  заңсыз казино кәсібі әшкереленген болатын.

14.05.2015 жылы  осы факт  ҚР ҚК 307 бабымен көзделген, қылмыстық  құқық бұзушылық  құрамының сипаттары   бойынша  АТБР–де №155900121000117 сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізімдемесіне енгізілді.  

Тексеріс барысында: 1 покер үстелі, 1051 ойын фишкалары, 4 ойын карталарының ораулары анықталып,  оқиға орыннан тәркіленді.

Қылмыстық істі тергеу барысында осы заңсыз ойын бизнесінің ойыншылардан жауап алынды, жауап алу барысында ойыншылар покерді ақша қаражаттарына ойнағандары туралы айтқан болатын.

22.10.2015 жылы Петропавл қалалық сотының үкімі бойынша азамат К.,   азамат К.  азаматша С.  азаматша К.   ҚР ҚК-нің 307-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағымен көзделген, қылмысты жасағаны үшін кінәлі  деп танылды  (алдын ала сөз байласу бойынша  тұлғалар тобы).