Date of publication: 28.09.2018 12:05
Date of changing: 28.09.2018 12:45

          Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті  БАҚ (ТД) қатысуымен  бес институционалдық  реформаның басым бағыттарының  бірі- мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде 2018 жылдың 27  қыркүйегінде "Ашық есік күні" өткізілді.

Акцияның мақсаты департаменттің өзекті мәселелерін (соның ішінде түсіндіру сипатындағы) жария ету болды:

"Тауарлардың электрондық саудасы" ұғымы туралы, ЖК таратудың оңайлатылған тәртібі туралы, мәжбүрлеп тарату туралы, ЭШФ, мүліктік кіріс туралы, ҚР экспорттаушылары мен импорттаушыларының кедендік рәсімдерден өту кезінде "Бірыңғай терезе" қағидатын енгізу туралы, ДБФ бар БКМ қолдану үшін жаңа қызмет түрлері туралы, «Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясы жүруі бойынша және т. б.

Аталған іс-шараны өткізу барысында слайдтар мен роликтер көрсетілді, салық заңнамасы мәселелері бойынша, Экономикалық тергеу қызметінің қызметі туралы брошюралар, жадынамалар таратылды.

Салық төлеушілерді ЭШФ жазып алу, деректерді беру функциясы бар БКМ бойынша, АҚС шарттары бойынша табыс алған жеке тұлғалардың жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша 200.00 нысанын ұсыну бойынша,  және т. б. сұрақтар салықтөлеушілерді қызықтырды.

Мамандармен салық төлеушілердің барлық қойылған сұрақтарына жауаптар  берілді.

Іс-шара соңында келушілер осы кездесу үшін алғыстарын білдірді.

Мұндай кездесулер екі тарапқа да қызықты: салық төлеушілер "алғашқы ауыздан" ақпарат алады, ал мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылары өзгерістер туралы уақытынша хабарландырылған болуы, өз бизнесін сауатты жүргізуі және айыппұл санкцияларына түспеуі үшін мүдделі.

 

СҚО бойынша МКД