Date of publication: 13.08.2018 15:37
Date of changing: 13.08.2018 15:38

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды салық салу сұрақтары бойынша хабардар етуді көтеру мемлекеттік кірістер органдарының салықтарды уақтылы және толық жинаудағы маңызды мәселелерінің бірі.

         Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы тұрақты түрде Салық заңнамасының 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгертілген нормаларын түсіндіру, салық төлеушілердің салық міндеттерін атқару және салық заңнамасынң бұзуының алдын-алудағы біліктіліктерін көтеру бойынша жұмыс атқаруда.

         Сонымен, жыл басынан бері Басқарма әр сәрсенбі сайын салық төлеушілермен семинарлар өткізеді, барлық өткізілгені 24 семинар, қатысқан салық төлеушілер саны 346.

         Ағымдағы жылдың мамыр айынан        Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы мамандарымен Алтын-Арман, КСО, Дария, Коммуналдық базарларындағы жеке кәсіпкерлермен семинарлар өткізді.

         Кездесулердің басты мақсаты - Салық заңнамасының 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгертілген нормаларын түсіндіру, салық төлеушілердің салық міндеттерін атқару және салық заңнамасынң бұзуының алдын-алудағы біліктіліктерін көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру.

         Салық төлеушілерге кіші бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерін қолданудағы салықтарды есептеу, бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі, электрондық сауданың артықшылығы, 2020 жылдан жалпы декларациялауды енгізу, тері өнімдерін таңбалау  бойынша салық заңнамасындағы өзгерістер және де « Чек талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясы басталғаны туралы хабардар етілді.

         Салық заңнамасын түсіндіру барлық базарларда өткізу көзделуде.

         Салық салу бойынша салық төлеушілерден түскен барлық сұрақтарға жауап берілді.

         Кәсіпкерлермен осындай кездесулерді  барлық базарларда өткізу жоспарланды.