22 қыркүйекте «Қазақстан-Петропавл» телеарнасында «Салықтық сауатсыздықты жою» бағдарламасы эфирінде « Жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік құралдарына салықтық төлемдері» тақырыбына арналған екінші бағдарламасы шықты.
Бағдарлама қонағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Лилия Мырзатайқызы Әбілева, ол жүргізушінің қойған сұрақтарына ғана жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар тақырыпты халыққа жеткізудің өзекті кезеңін тиімді қолданды.
Бағдарламаның дәстүрі бойынша телекөрермендер үшін телевикторинадан басталды,бірінші болып мына сұраққа жауап беруші:
«Петропавл қ. жеке құқығы бар және осы пәтерде тіркелген жеке тұлға. Бірақ Петропавл қаласындағы осы пәтерінен басқа да Астана, Қостанай қалаларында пәтері бар. Сұрақ - пәтер үшін төленетін мүлік және жер салығы қай жерде төленетін болады, Петропавл қаласында ма, Астана қаласында ма, әлде Қостанай қаласында ма, тосын сый – ұялы телефон.
Смартфонның иесі зейнеттегі Күнсұлу Хамзовна Габдушева болды. Күнсұлу Хамзовна еңбек қызметін қаржы жүйесінің әр саласында өтеген, соның ішінде салықтық-бухгалтер мамандығы, сондықтан да оған осы сұраққа жауап беру қиын болған жоқ. Күтпегендігін және қуанышын жасыра алмағандығынан алдағы туған күніне және Қарттар күніне арналған тосынсый екенін айтты, бұрындары науқанға және лотереяларға қатысқанын, бірақ еш қашан ұтпағанын да айта кетті.
Сонымен қатар, халықтың салық төлеу мәдениетін арттыратын осындай бағдарлама үшін Департаментке алғыс айтты.