Date of publication: 29.09.2015 18:19
Date of changing: 30.09.2015 17:09

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер  департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеудегі Петропавл қ. тұрғыны, «М» азаматы ұсталды.  Осы тұлға   2009 ж. бастап іздеуде. Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекеттік   жәрдем ақшаларды беруге қатысы бар тұлға бола тұра, нақты жоқ, мүлікті кепілге беріп, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несиелерді  жалған тұлғаларға бергендігі, тергеу барысында анықталды.           

Күдіктіге қатысты  ҚР ҚК 3 бөлімі 177 бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мемлекеттік бюджетке онымен келтірілген  жалпы болжамды шығын  сомасы 8 миллион теңгеден асады.   

2014 жылдың маусымында  күдікті  халықаралық іздеуге хабарланған. Іздестіру іс-шаралары барысында ағымдағы жылдың тамыз айының соңында күдікті Ресей Федерациясы аумағында ұсталды.    

Қазіргі таңда ол тұтқындалды және Ресей Федерациясы Уфа қ. тергеу изоляторында. Ресей Федерациясының  Бас прокуратурасы және  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен ҚР аумағына ұсталғанды  қайтару бойынша құжаттар ресімделді.