Date of publication: 01.09.2015 09:55
Date of changing: 01.09.2015 10:01

Салық төлемі – Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекіткен әр азаматтың, бизнес субъектілерінің міндеті.
Мемлекеттік кірістер органының басты тапсырмаларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың және бизнес субъектілерінің ақпараттануын арттыру болып табылады.

        Осы үшін тұрақты түрде  бизнес субъектілеріне арналғандай, азаматтардың жеке тұлғаларына да қолданыстағы кеден және салық заңнамасын түсіндіру жұмыстары бойынша ауқымды және бұқаралық жұмыстар жүргізілуде.

         Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – СҚО бойынша Департамент) үй, пәтер, гараж, бақша, жер телімдері, ғимарат, басқа да құрылыстар мен жайлар, автомобиль иелерінің есіне саламыз 2015 жылға арналған мүлік, жер салығын төлеу уақыты жақындап қалды, ү.ж. 1 қазанында өтеді және көлік салығы төлемінің мерзімі  31 желтоқсанда аяқталады.

        Жеке тұлға салық салу нысандарының орны бойынша  салық органы есептеген мүлік және жер салықтарын бюджетке төлейді.

        Сондай-ақ азаматтардың назарын Салық кодексінің 403 бабының нормаларына сәйкес пайдаланған, тұрған күнінен бастап аяқсыз құрылыс нысандарына және мүлік салығын төлеуге тиіс.

         Осылайша, Салық кодексінің 577 бабының 2 тармағына сәйкес жеке тұлға пайдаланған, тұрған күннен бастап  10 күн ішінде  салық органына тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін ұсынуға міндетті.

         Салық өтінішін өз таңдауы бойынша  салық органына бере алады: салық салынатын нысанның тұрған орны бойынша және (немесе) салық салумен байланысты тұрған жері бойынша.

   Әр салық төлеуші тікелей салық сомасын есептеп шығару мүмкінді бар, көлік құралының салығы мен өсімпұлы автоматты есептеу шығару, сонымен қатар, өткен кезеңде салықты уақытында төлемеген жағдайда өсімпұл сомасы     https://kgd.gov.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Web-сайты  және http://sko.kgd.gov.kz СҚО бойынша МКД мультисайтингіне орналастырды.

           Петропавл қ. салық салынатын нысаны бар  жеке тұлғалар үшін соңғы өз міндеттерінің толықтығы және уақытындаорындау мақсатында  http://nalog.integro.kz. сайтына 2015 жылғы жер және мүлік хабарламасын басып шығару мүмкіндігі іске асырылды.    

         Салықты уақытында төлемеген жағдайда мерзімі өткен әр күнге өсімпұл есептелетінін хабарлаймыз. Уақытында төленбеген төлем айыппұл, сонымен қатар сот тәртібінде салық қарыздарын өндіріп алу түріндегі әкімшіліктік жауапкешілікке тартуға әкеліп соқтырады.

         Салық төлемдері туралы мәселені кейінге қалдырмай, соңғы күні кезекте тұрушылардың көбеюін болдырмау мақсатында банктің қандай да бір бөлімшесінде уақытында  төлеуіңізді сұраймыз. Жеке тұлғалардан комиссиялық сыйақысыз алынатын мүлік, жер және көлік салық төлемдеріне қолма-қол ақша қабылдау жүргізілетінін еске саламыз. Төлемді ресімдеу бланктері  төлеушіге тегін беріледі. 

Салықты «Халық банкі» АҚ,  «Казкоммерцбанкі» АҚ, «Альянс Банкі» АҚ банкоматтары арқылы;  «Казкоммерцбанкі» АҚ (Homebank) интернеті,  АО «Казкоммерцбанк» АҚ Web-дүңгершегі және т.б.  төлеуге болады.