
2015 жылғы 07-08 тамызда Петропавл қ. Жеңіс саябағында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кубогіне» шағын футбол турнирі өтті, қаланың 7 мемлекеттік органы қатысты. Турнирді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Уразғали Болатұлы Дарбаев ашты, ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының құрылғанына бір жыл толуына арналған турнир екенін айтты.
Одан әрі, Уразғали Болатұлы осы ісшараның 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» Бағдарламасын қолдау, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің азаматтығын және патриотизмге тәрбиелеу, денсаулықты нығайту халық арасында бұқаралық спортты дамыту саласындағы жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ойынның алғашқы күнінде-ақ финалистердің 4 командасы анықталды – СҚО Ішкі істер департаменті, СҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитет департаменті, СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және СҚО бойынша Қылмыстық-орындау жүйесі департаменті.
Табан тірескен, әділ күресте 1 орынды СҚО Ішкі істер департаменті, 2 орынды СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және 3 орынды СҚО бойынша Қылмыстық-орындау жүйесі департаменті иеленді.
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кубогінің» ауыспалы жыл сайынғы дәстүрлі турнир болатынына сенімдеміз.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті