
Қырғызстан ЕАЭО Армения, Беларусия, Қазақстан және Ресеймен қатар бесінші мүшесі болды. ЕАЭО мемлекет мүшелері- барлық республиканың одаққа қосылу туралы Шартты ратификациялау келісу үрдісі аяқталды.
Қырғызстан Республикасы аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттау кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және ЕАЭО Шартына сәйкес жанама салықтар төленетін болады.
Кәсіпкерлік қызмет мақсатында импорт тауарларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер 320.00 декларация және 328.00 нысанды өтінішті мемлекеттік кірістер органына келесі есептік кезеңнің 20 күніне дейінгі мерзімде ұсыну қажет, сондай-ақ ҚҚС төлемдерін жүзеге асыруы тиіс. Қырғызстан Республикасының есебімен СЕН 320.00 және СЕН 320.00 шаблодндары СЕӨС және Салық төлеушінің кабинеті жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті