Date of publication: 16.07.2015 17:50
Date of changing: 16.07.2015 17:58

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жылғы 20 шілде 15-00-де  жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін   «Ашық есік  күні»  өтті.   Барлық аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында осы кездесуді өткізудің бастамашысы-ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті болды.  

Іс-шараны өткізу мақсаты- мемлекеттік кірістер органының сауатты және кәсіби кадр құрамын қалыптастыру және жоғарғы оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді жұмысқа тарту.   

Департаменттің басшысы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов СҚМУ түлектерін құттықтау сөзбен, іс-шараны ашты.   Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының функциялары  және міндеттерімен таныстырды, департамент сайты, Петропавл қ. аумағында өткізілетін «Чекті суретке түсір- тосын сый ұтып ал!» жүргізілетін акция, сондай-ақ осы іс-шараға қалай қалай қатысуға болатынын, түсіндірді.    

Департаменттің Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Ж.Д.Қабдөшева слайдты көрсетумен, департамент қызметі және құрылған тарихы бойынша экскурс  жүргізді. 

Департаменттің Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімі басшысының м.а. С.Қ.Есенаева мемлекеттік қызметке кіру тәртібімен түлектерді таныстырды. Мемлекеттік  қызметке кіру тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бейнеролик түлектерге көрсетілді.   

Өткізілген «Ашық есік  күні»  қорытындысы бойынша түлектер арасында   сұрақ- сауал жүргізілді.   

Кездесу соңында департаменттің басшысы Д.Е.Жанәлінов осы іс-шараға қатысқан, түлектерге алғыс айтты және мемлекеттік кірістер органының қатарын толықтыруға шақырды.