Date of publication: 25.01.2018 16:38
Date of changing: 25.01.2018 16:39

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасында Евразиялық экономикалық одақтың халықаралық міндеттерін  орындау шеңберінде  ағымдағы жылдың 27 қарашасынан  бастап тері бұйымдарын таңбалау іске  қосылу жолдайды.

Таңбалау- бұдан әрі  оны сәйкестендіру, оның өзіндік ерекшеліктері мен сипатын көрсету мақсатында, объектіге шартты белгілерді, әріптерді, сандарды, графикалық белгілерді  немесе жазуларды енгізу. 

Бақылау сәйкестендіру белгілерімен (бұдан  әрі- БСБ)  тері бұйымдарын  таңбалау   тері бұйымдарының барлық қатысушыларына қатысты, бұлар өндірушілер, импортшылар, көтерме және бөлшек сатушылар,  комиссионерлер. 

4303 СЭҚ ТН тауар  позициялары бойынша жіктелетін, заңды  тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен әкелінетін немесе жүргізілетін, қаракүзеннен, саз  құндыздан, ақ түлкіден немесе  түлкіден, үйқоянынан немесе қояннан, жанаттан, қой терісінен, өзгелерден (өзге тері түрлерінен  тігілген киім)  тігілген киімдер таңбалауға жатады. 

Тері тек әрлеуге ғана болып табылатын, мынадай  киім  түрлері таңбалауға  жатпайды: биялай,  қолғаптар,  былғары мен теріден жасалған  сөмкелер, бас киімдер, ойыншықтар, спорт құралдары.      

Сонымен қатар,  жеке қолдану үшін  жеке тұлғалармен әкелінетін, тері бұйымдары БСБ-пен таңбалауға жатпайды. 

Тері бұйымдарын  таңбалаған кезде кәсіпкер әрекетінің алгоритмі:  

1.  GS1 Kazakhstan ассоциасында тіркеу.

2.  GS1 жүйесінде тауарларды қосу және     GTIN нөмірлерін алу.

3.   htt://markirovka.gov.kz  сайтында таңбалау ақпаратттық жүйесінде тіркеу( бұдан әрі- таңбалау АЖ). 

4.2 деңгейдің  эмитентпен шартқа қол қою. 

5.Таңбалау АЖ- БСБ  дербестікке өтінімді жолдау. 

6.Тері бұйымдарына БСБ енгізу. 

Тері  бұйымдарын таңбалау  рәсімі:  

 1.ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын, мемлекет аумағынан таңбалауға жатқызылған, тауарларды Қазақстан Республикасына әкелген кезде,заңды және жеке кәсіпкерлер кедендік тазалауға байланысты, кедендік рәсімге және кедендік операцияларды жасауға, орналастырылғаннан кейін көрсетілген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз етеді.  Сонымен бірге, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кедендік рәсімдеуге тауарлар орналастырған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік  күн ішінде тауарлардың таңбалауын іске асырады.   

2.Тауарлар өндірісінде  заңды және жеке кәсіпкерлер екінші деңгей эмитентінен дербес бақылау (сәйкестендіру) белгілерін алған күннен  бастап 5(бес ) жұмыс күні ішінде тауарларды таңбалауды қамтамасыз етеді.  

3.   БСБ-ты жойған жағдайларда (бүлінген, жоғалған), айналымнан таңбаланған тауарларды шығарған кезде, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жойылған күннен   (бүлінген, жоғалған) бастап осындай мәліметті 10 күнтізбелік күн ішінде  «Тауарларды таңбалау»  сервисті  бағдарламалық өнімге енгізеді.  

4. «Тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилотты жобаны іске асыру ережесін» іс-қимылға енгізгенге дейін іске асырылмаған тауарлары бар, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер,  «Тауарларды таңбалау»  сервисті  бағдарламалық өнімнің қызмет істеген күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде «Тауарларды таңбалау»  сервисті  бағдарламалық өнімге мәліметтерді ұсынумен оларды БСБ-пен  таңбалау іске асырылады.

 

Қазақстан Республикасының «Атамекен»   Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  бақылау (сәйкестендіру) БСБ) белгілерін дербестендіру және іске асыру бойынша екінші деңгейдің эмитентімен конкурс өткізу жолымен  Астана қ. Тәшенов к. 27., 411 кеңсе, тел.+7 (7172)45-67-87 (бақылау белгісіне тауар туралы ақпаратты енгізетін компания)    «ISKER AKPARAT» ЖШС  анықталды.   Оның міндетіне бақылау БСБ- белгілерін (сәйкестендіру) дербестеу кіреді.  

БСБ құны-400 теңге: әзірлеу (310 теңге) және дербестеу (90 теңге). Жеткізу құнға кірмейді.  

Тері бұйымдарын таңбалау  рәсімі  адал бәсекелестікті,  заңсыз өнімнен нарықты қорғауды, көлеңкелі экономика  көлемін қысқартуын және бюджетке салық түсімдерін арттыруды қолдауға, сонымен қатар тұтынушыға сатып алатын тауар туралы толық ақпарат алуға және де  контрафактіден өзін сақтандыруға бағытталған.  

«Киім үлгілері, киімге  керек-жарақтар және  табиғи теріден жасалған өзге бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен тауарлар таңбалауды енгізу бойынша пилотты жобаны іске асыру ережесі  kgd.gov.kz   және atameken.kz. сайттарда орналастырылды.  

 

 

 

Үшінші елдердің және Кеден одағының импортын

әкімшілендіру бөлімінің басшысы

А.С.Пұштанова