Date of publication: 12.12.2017 15:23
Date of changing: 12.12.2017 15:27

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті жеке тұлғалар назарына келесіні жеткізеді.

Салық кодексінің185 бабы 1 тармағы 5 және 6 тармақшаларына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырады:

- Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарында ақшасы бар болса;

- меншік құқығы негізінде мүлкі бар болса;

-  жылжымайтын мүлік, шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес, ол шетелдік мемлекеттің құзырлы органында (ол бойынша құқықтары мен (немесе) мәміле) мемлекеттік немесе басқа тіркеуге (есепке) алынса;

- бағалы қағаздар, олардың эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген;

- заңды тұлғаның жарғылық капиталда қатысқан үлесі, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген;

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына жылдың 31 наурызынан кеш емес, есептік салық кезеңінен кейінгі,  яғни 2017 жылдың декларациясын 2018 жылдың 31 наурызына дейін кешіктірмей міндетті түрде тапсыру қажет.