
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011ж. 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген, 2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша салалы бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (бұдан әрі-департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттауға, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимылға, құқықтық базаны жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған, ұйымдастырылған және практикалық шаралар кешені қабылданды.
Салық және кеден заңнамаларының талаптарына сәйкес департамент өз қызметін іске асыра, оны насихаттайды және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, салық төлеушілермен және өзге тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамалырын насихаттау- Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық және кеден мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды арттыру мақсаты болады, сондай-ақ салық міндеттемесін және кедендік әкімшілендіруді орындауға байланысты, мәселелер бойынша ақпарат. Бұқаралық ақпарат құралын, ақпараттық стендттерді, кітапшаларды және өзге басылып шығарылған материалдарды, сондай-ақ ақпаратты тарату үшін қолданылатын, бейне, аудио және басқа техникалық құралдарды қолданумен ақпаратты орналастыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және салық төлеушілермен кездесулерді, отырыстарды, өткізу жолымен насихаттау іске асырылады.
Қазақстан Республикасында салық және кедендік реттеуді жетілдіруге, салық және кеден заңнамалары саласында қызметті іске асыратын, тұлғалар мен дара кәсіпкер субъектілеріне көмек көрсету мақсатында, салық және кедендік әкімшілендірудің тиімді тәсілдері, мемлекеттік кірістер органдарына сенімнің артуын енгізуде, департаментте салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес құрылды. Консультативтік кеңес құрамы департамент қызметкерлерінен, сондай-ақ қоғамдық бірліктер мен ұйымдардан, салық және кеден салаларында қызметті іске асыратын, тұлғалардан, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларының мүддесін ұсынатын, жеке кәсіпкерлік субъектілер мен коммерциялық емес ұйымдардан қалыптастырылған.
2015 жылдың басынан бастап салық төлеушілермен, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының және құқық қорғау органдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына мәселелер талқыланды, 62 «дөңгелек үстел» өткізілді.
Департамент басшысымен ағымдағы жылдың сәуірінде «Өзіңнен баста!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияға қатысты, бастауға себеп болған «Нұр Отан» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі болды. Мемлекеттік қызметшілер қолданатын, сегіз этикалық норма атанған, сонымен қатар «Немен күн көресің және қайда тұрасың?» талабы. Акцияның басты мақсаты ашықтық, адалдық, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» шыдамдылықтың көрінуі болып табылады. Департамент басшылары жеке меншік құқығына жататын, өзінің табыстары мен мүлкі туралы мәліметті БАҚ жариялады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша департаментте жүргізілген алдын-ала жұмыс жағдайы өзгермеген деңгейде қалды, атап айтқанда 2014жылы және 2015ж. 5 айына департамент қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері жоқтығын, жүргізілген талдау көрсетті.
Өз қатарларында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде жедел және қызметтік жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына қатаң бақылау қамтамасыз етілген. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»ҚР Заңының талаптарына сәйкес мүлкі туралы мәліметтер мен кірістер туралы декларациялар қызметкерлермен және олардың жұбайларымен уақытында тапсыруы. Заңнамамен белгіленген, мемлекеттік қызметке қайтадан қабылданатын, қызметшілердің арнайы тексерістерден өтуіне шектеулер қабылдау.
Жаңадан қабылданған қызметкерлер белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексімен танысады. Заңнаманың талаптарына сәйкес оның тақырыбы департамент ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.
Кәсіби білім алу аясында департамент қызметкерлерімен тақырыптық фильмдерді көрумен, сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайтуға бағытталған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша оқу жүргізіледі. 2014 жылдың желтоқсан айында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңдарын, мемлекеттік қызметшінің ар-намыс кодексін білуі жөнінде тестілеу жүргізілді.
Департаменттің әкімшілік ғимараттарында 46-33-29 сенім телефоны көрсетіліп, ақпараттық стендтер ресімделген, жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен өтініштер, жазбаша жүгінулер үшін жәшік орнатылған.
СҚО бойынша МКД басшысы
Тәртіптік кеңес мүшесі
Д.Жанәлінов