
СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында деректерді тапсыру функциясымен бақылау –кассалық машиналарды қолдану бойынша жаңа тәртіпке ауысуды түсіндіру бойынша алкоголь өнімін, дизель отынын, бензинді (авиациялықты қоспағанда), көтерме және (немесе) бөлшек саудада іске асыратын, салық төлеушілермен семинар өткізілді.
Осы іс-шараға қатысқандар: СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Жұрсиналин, аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Лазарева, «Казахтелеком» АҚ бас инженері И.Залевский, сондай-ақ мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары.
Ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Жұрсиналин семинарды бастап, бақылау –кассалық машиналарды қолдану саласында заңнаманы сақтау маңыздылығын, атап өтті.
Аудан аумағында жаңа нормаларға келісілген осы БКМ қолдануға міндетті, 67 жеке кәсіпкер және заңды тұлға тіркелген.
Яғни, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 645 бабына келісілген алкоголь өнімін, дизель отынын, бензинді (авиациялықты қоспағанда), көтерме және (немесе) бөлшек саудада іске асыратын, салық төлеушілер ақшадай есеп-айырысу арқылы сауда операцияларында деректерді тіркеу және (немесе) тапсыру функциясымен бақылау –кассалық машиналарды қолдануға міндетті. Сонымен қатар осындай бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша міндет 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап алкоголь өнімін, дизель отынын, бензинді (авиациялықты қоспағанда), көтерме және (немесе) бөлшек саудада іске асыратын, салық төлеушілерде туындайды.
МКБ қызметкерлері «Казахтелеком» АҚ өкілдерімен бірігіп фискальды деректер операторы порталы жұмысының көрсетілімі жүргізілді (бұдан әрі-ФДО), ФДО серверіне БКМ қосу тәрітібін түсіндірді, бақылау-кассалық машиналарды қолдануға жаңа тәртіп мәселелері туралы жүйе жұмысының қағидаларын түсіндірді.
Мәселені талқылау жөнінде қатысушыларда көп сауалдар пайда болды: қажетті құжаттамаларды, мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасын, құн сомасы және осы бақылау-кассалық машинаны қайда сатып алуды нақтылау. Салық төлеушілерге практикалық көмек көрсету мақсатында, негізгі байланыс ақпараты құрылды:
· 590051 ФДО байланыс-орталығы ( қоңырау шалу тегін) – салық төлеушілерге ақпараттық- консультациялық қолдау;
· 8 (7172) 559056/559057/554983/559078 ФДО - қосымша телефондар;
· «ВТИ комплект» ЖШС 8 (7152) 464440/312101 - техникалық қызмет көрсету орталығы;
· "Казахтелеком" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы- 8 (7152) 463577/500009
БКМ тіркеу тәрітібі туралы толық және қолжетімді ақпарат басқарманың бас маманымен берілді. Салық төлеушілердің туындаған барлық сауалдарына толық көлемде түсінік берілді.




























