Date of publication: 04.06.2015 18:05
Date of changing: 15.06.2015 08:41

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын, жеке тұлағлармен дөңгелек үстел ұйымдастырылған. 

Патент және жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін, 417 жеке кәсіпкер аудан аумағында  тіркелген.  

  «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен  бірігіп аудан орталығында жолаушылар тасымалдауын іске асыратын, тұлғаларға сырттай жүргізілген бақылау   нәтижелері бойынша,  такси қызметін  жүзеге асыратын, 32  автомобиль анықталған, оның ішінде: ЖК ретінде тіркеу есебінде тұратын-13 салық төлеуші, тіркеусіз-19. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер басқармасымен үш тексеріс жүргізілді, тіркеу есебіне қою жөнінде үш бұзушылық анықталған. Нәтижесінде, кәсіпкерлік әрекетпен айналысқаны  және де  тіркеусіз (операцияларсыз) әрекеттерді іске асырғаны үшін  ҚР ӘҚБтК 463б. 1б. бойынша сотпен әкімшілік жауапкершілікке  тартылған.       

Осы іс-шараға қатысқандар: СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Жұрсиналин, аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Лазарева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В.Волков, сондай-ақ такси жүргізушілері және мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары.  

Тіркелу тәртібі туралы толық және қолжетімді  ақпарат басқарманың бас маманымен берілді. 

Ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Жұрсиналин семинарды  бастап, шағын және орта бизнес саласында заңнаманың сақталуы  маңызды екендігін, атап өтті. 

Мәселені талқылау кезінде  қатысқандарда көп сауалдар туындады: қажетті құжаттамаларды, мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасын, кеткен кезде немесе жөндеу жүргізген жағдайда, әрекетті тоқтату мүмкіндігін, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанда  нақтылау.  

Такси жүргізушілерінің белсенділігі тіркеуден кейін көптеген проблемаларды шешетін, олардың әрекетін талдауға мүмкіндік туғызды. Негізінде-   заңсыз әрекет түрі және табысқа салынатын салықтан жалтарғаны үшін айыпты санкциялардан құтылуға бұл кепілді  мүмкіншілік.     

Осы жылы жеке кәсіпкерлікті іске асырғандағы өзгерістер және жабу тәртібі  туралы салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы хабарлады.    

Жеңілдетілген тәртіпте, әрекетті тоқтатуға, келесі шарттарға салық өтінішін берген кезге сәйкесті, жеке кәсіпкерлер жатады: ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын; біріккен кәспкерлік нысанында әрекетті іске асырмайтын; тәукелдер бағалау жүйесі іс-шаралары нәтижелерінің негізінде салықтық  тексеріс жоспарында жоқтығы; әлеуметтік аударымдар мен міндетті зенетақылық жарналар бойынша берешектің, салық берешегі жоқ;  

Жеке кәсіпкердің әрекетін тоқтату және тіркеу мерзімдері, хронометражды зерттеулер, мүмкін болатын тексерістер туралы сұрақтар жауапсыз қалған жоқ. 

Бұдан әрі жеке кәсіпкерлерге сөз берілді.  Олар сауалдарымен шықты. Әр қайсысы өзінің сауалына  жауап алды. Тоқтаусыз және заңды әрекетінің бас факторы деп көбі ЖК тіркелуі екендігін түсінді.     

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы «Дөңгелек үстелді» аяқтап және қорытынды жасап, «Заң жүзінде жұмыс істеңдер, онда тексеріс те, және де әкімшілік өндіріп алу да  болмайды» деп атап өтті.  Кәсіпкерлік немесе өзге әрекетпен тіркелусіз айналысу 15 АЕК (29730 теңге) мөлшерінде жеке тұлғаларға айыппұл салынады, ал қайталап жасалған әрекеттер онда 30 минималды есеп-айырысу көрсеткіштерін немесе 59460 теңгені құрайды. Яғни   сіздерде таңдау бар: ресми түрде жұмыс істеу немесе айыппұл төлеу.   

        Практикалық көмек көрсету мақсатында Жамбыл ауданы бойынша МКБ жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін бірыңғай консультациялық күн (БКК) бейсенбі күндері апта сайын өткізеді. Басқарма мамандары  барлық  салық салу мәселелері бойынша консультациялар береді. Салық есептілігі нысанын, салық өтініштерін толтыру бойынша салық төлеушіге көмек көрсетеді. Сонымен қатар СЕН біртіндеп толтыру рәсімін және оны электронды түрде жолдауын түсіндіреді.