
Елбасының «Нұрлы жол – болашақ жолы» Жолдауы аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 29 мамырда бірыңғай ақпарат күні болды.
Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері Солтүстік қазақстан облысында 2020 жұмыспен қамту Жол картасын іске асыру барысы туралы ақпаратпен, Солтүстік Қазақстан облысы энергетика кешенін дамытумен, бес институтциялық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам - ұлттар жоспарымен танысты.
Қазақстан Республикасының Рәміздер күні қарсаңында мемлекеттік рәміздер туралы баяндама тыңдалды.




























