2015 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларымен тауарларға кедендік тазалау жүргізу Ережесін бекіту туралы» (ары қарай-бұйрық) №246 бұйрығы әрекетке енгізіледі.
Бұйрық 2015 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді және 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
Жоғарыда көрсетілген Бұйрықтың әділет органдарында тіркелген күнен бастап бір ай мерзімде 2010 жылғы 12 қазандағы «Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларымен тауарларға кедендік тазалау жүргізу Ережесін бекіту туралы» № 1058 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының күші жойылғаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінде акт жобасы енгізіледі.
«Мемлекеттік басқару дәрежелері арасында өкілеттілікті шектеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен «Қазақстан Республикасындағы кедендік іс туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 271 бабының кедендік іс саласында өкілетті орган дәрежесіне Қазақстан Республикасының Үкіметінен кедендік органдардың лауазымды тұлғалармен тауарларды кедендік тазалау жүргізу тәртібін анықтау бойынша уәкілеттілікті тапсыру бөлігіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, кедендік органдардың лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазалау жүргізу ережесі кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен анықталады.
Соған байланысты, 2015 жылғы 26 мамырдан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылдың 31 наурыздағы № 246 бұйрығы күшіне енген күннен басатап, жоғарыда көрсетілген тауарларды кедендік тазалау тәртібі осы Бұйрықтың негізінде реттеледі.




























