
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері СҚО ІІД ҰҚКБ-мен бірлесіп жасырын казиноның әрекетін тоқтатты.
Заңсыз ойын мекемесі Петропавл қ. орналасқан «Алтын» кешенінің 3 қабатында жайғасқан.
Жасырын казиноны ликвидациялау операциясына «Арлан» арнайы тағайындалған жасағы қатысты.
Қолданылған шаралармен орнында 9 ойыншы, 2 крупье, 1 даяшы, жасырын мекеменің 1 әкімшілігі ұсталды. Құқық бұзушылық орнында 1 покер үстелі, 1051 фишкалар, 5 ойын карталар діңгегі, казино шығындары туралы жазбалар.
Объектіге кіру қатаң түрде қоңырау шалумен жүргізілді: тек қана тұрақты клиенттерді немесе олардан ұсыныс бар тұлғаларды ғана кіргізген.
Сонымен қатар, 2014 жылдың шілде айында берілген мекен-жай бойынша жасырын казиноның әрекетінің алды алынғанын белгілеген жөн.
Берілген факт ҚР ҚК 307 б. 1 б. көзделген «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» қылмыс құрамы белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеудің ортақ тізілімдемесінде тіркелген.
Сотқа дейінгі өндіріс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.