Мемекеттік кірістер органы саласының қызметтерінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың сапасын арттыру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметтерді алу өтініштері бойынша жеке тәртіпті және олардың құқығын, еркін және заңдық мүддесін, оларға материалды және материалды емес игілікті ұсынуды жүзеге асыратын жеке м
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» №88- V заңмен реттеледі.емлекеттік қызметтерді іске асыратын нысанның бірі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен мемлекеттік қызмет көрсету тізімі бекітілді, оған 709 қызмет көрсетулер енгізілді, оның ішінде 52 қызмет көрсету мемлекеттік кірістер органымен көрсетіледі.
2014 жылғы мемлекеттік кірістер органы саласында 548344 мемлекеттік қызмет көрсетілген, ағымдағы жылда - 224524 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік кірістер органымен халыққа және бизнес субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі белгілі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері және стандарттар әзірленді және бекітілді.
Жыл сайын электронды түрде ұсынылатын қызмет көрсету спектрі кеңеюде.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсетудің 34 (65%) түрі автоматтандырылды, «электронды үкімет порталы» немесе ведомствалық портал арқылы алу мүмкіндіктері бар. 2014 жылы мемлекеттік кірістер органы саласы ұсынған қызмет көрсетудің электронды түдегі жалпы саны 85,7% немесе 470002 қызмет көрсетілген. Ағымдағы жылда электронды қызмет үлесі өсті 87,3% немесе 196184 қызметті құрады
Айта кететін жайт, «Салық есептілігін қабылдау» ретіндегі жаппай қызметінің бірі ұсынған автоматтандыруға байланысты, бүгінгі күнде салық төлеушілердің 99,2% электронды қызмет көрсету түрін пайдалануда.
Электронды салық есептілігін кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының ұсыну мүмкіндігін жасау арықлы 56 ауылды елді-мекендерде «Салық төлеушілер терминалын» қою енгізілуде.
Салық төлеушілердің ақпараттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік кірістер саласының барлық басқармаларында, соның ішінде қайта тіркелген бизнес субъектілеріне көмек көрсету, салық заңнамасын түсіндіру бойынша «Бірыңғай косультативті күн» акциясы жүргізілуде. Әрбір салық төлеушіге салық өтініштерін, жадынамаларды және көрнекі құралдарын беру арқылы тіркеу есебіне қою тәртібі түсіндірілді.
Жасырын тәртіптегі мемлекеттік қызмет көрсетуді қалайтын салық төлеушілер үшін мемлекеттік кірістер саласы басқармаларының әрбір Орталығында қолайлы жағдай жасалған. Орталық қызметкерлері салық төлушілерге қызмет көрсету кезінде Орталыққа қатысты жұмыстар, басқа да мәселелер және Орталық жұмыскерлерінің стандартты тәртібін, құжаттарды қабылдау, өңдеу және беру тәртібі Орталықтағы Жұмыс ережесін басшылыққа алады. Атап өтетін жайт, 2014 жылы және ағымдағы жылда Орталық қызметкерлерінің жұмыстарына шағым түскен жоқ.
Келушілерге сапалы қызмет көрсету үшін Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Орталығында кезекті басқару электронды жүйесі қызмет жасайды. Осы жүйенің сандық және сапалы көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудың нәтижелері салық төлеушілерге қызмет жасау және күту уақыттарының төмендеген оң динамикасын көрсетті. Яғни, 2012жылы орташа күту уақыты 40 минутке жетсе, онда қазіргі таңда -2 минутке жетті.
Алған қызметтерге максималды қанағаттану мен ұсынылған мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен жүйелі негізде мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі бойынша іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар «Құпия тұтынушы» тәсілімен қызмет сапасының бақылауы, уақытылы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне тақырыптық тексерістер, кезекті басқару электронды жүйесінің көрсеткіш бағасы мен талдауы, ақпараттық жүйелер көмегімен қызмет көрсету мерзімдеріне аралық бақылау және т.б. іске асырылады.
Салық және кеден салаларындағы мемлекеттік қызмет мониторингі бойынша жаңа ұсыныстарды әзірлеу мақсатында, коммерциялық емес ұйымдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілердің өкілдері кірген құрамда, департаментте жұмыс тобы құрылған. 2015 жылдың наурыз айында өз қызметін бастаған, осы жұмыс тобы департаменттің салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес жанында құрылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының салық төлеушілер Ассоциасымен бірігіп мемлекеттік кірістер органының жұмыс сапасына қызмет алушылардың қабылдау деңгейін анықтау бойынша Республика халқы мен кәсіпкерлердің сауалы жыл сайын іске асырылады. Қазіргі таңда 2014 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша зерттеу жүргізілуде. Салық төлеушілерге қойылған сауал нәтижелері салық және кеден салаларында мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бұдан әрі жақсартуға әсерін тигізеді.
СҚО бойынша МКД бөлім басшысы Ғ.Т. Көшенова




























