
Ағымдағы жылдың 15 мамырында «Казахстан-Петропавл» телеарнасындағы эфирге «Салықтық ликбез» бағдарламасы шықты, онда салықтық және кедендік заңнамалардың кейбір өзекті мәселелері жарықтандырылады және осы салада өз білімдерін теледидар көрермендері тексере алады.
Бірінші хабар Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірігіп департаментпен жүргізілген, «Чекті суретке түсір-тосынсый ұтып ал» акциясына (бұдан әрі-акция) арналған. Хабардың қонағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Лилия Мырзатайқызы Әбілева болды.
Акцияның мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын арттыру, көлеңкелі экономиканың көлемін төмендету есебінен бюджетке салық түсімдерін арттырудың дұрыс бәсекелестігін құру болып табылады.
Тауарды сатып алғанда (қызмет алғанда) бақылау-кассалық машинаның чегін талап ету сондай қажетті екендігін, бақылау-кассалық машинаны қолданудан кім босатылатындығы, сондай-ақ «Чекті суретке түсір-тосынсый ұтып ал» акциясының шарттары туралы телекөрермендер білді.
Акцияға қатысу үшін www.kkm.integro.kz сайты не play market арқылы смартфонға мобильді ұсынысты түсіріп алу қажет.
Осы ұсыныс қатысушыларға смартфонның көмегімен чекті суретке түсіріп алуға және Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдауға мүмкіндік береді.
Хабар барысында телекөрермендер үшін телевикторина жүргізілді, «Тауарлы чек бақылау-кассалық машинаның чегінен қалай ерекшеленеді» сұрағына бірінші жауап бергенге тосын сый- ұялы телефон күтілді.
Смартфон иегері болып бала күтімі бойынша демалыстағы Нұрсұлу Жұмабаева атанды. Бұдан бұрын өз мамандығына байланысты тауарларды сатып алғанда, бухгалтерияға есеп үшін қажет болған, бақылау-кассалық машинаның чегін ылғи талап еткені туралы Нұрсұлу айтып берді. Сондықтан жауапты біле тұра, ойланбастан, телефон нөмірін тердім -деді Нұрсұлу. Маған сыйлық өте ұнады, «Чекті суретке түсір-тосынсый ұтып ал» бағдарламасына бұдан әрі қатысуды жалғастырамын.




























