
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық берешегінің ең төменгі шекті мөлшері енгізіледі. Ол тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) кемінде 20 еселенген мөлшерінде айқындалады және әрбір салықтық міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі мен (немесе) салық берешегін мәжбүрлеп өндіру шарасы бойынша жеке белгіленеді.
Өндіріп алудың жаңа тәртібі
20 АЕК-ке дейінгі берешек бойынша — тек ескерту жіберіліп, өсімпұл есептеледі, өзге шаралар қолданылмайды.




























